ТҮРКІСТАН: ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ 45 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН
Түркістан облысында өткен жылы Әділет департаментімен 2522 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Былтыр 1398 жеке және заңды тұлғалардың өтініш пен арыз-шағымдары қаралды. Түскен арыз-шағымдардың көп бөлігі атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету саласына қатысты болған. Жалпы 2018 жылмен салыстырғанда арыз-шағым 45 пайызға азайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді.
Әділет органдардың заң көмегін ұйымдастыру және көрсету салаласындағы функциясына адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттарының және жеке сот орындаушыларының жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң көмегінің сапасын бақылау кіреді.
«Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 179 нотариус, 131 адвокат қызмет атқарады. Былтыр адвокаттармен 5488 азаматқа тегін заңгерлік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, өткен жылы департаментке нотариустардың іс-әрекеттеріне қатысты 16 арыз-шағым түсіп, оның ішінде 8-і негізді деп табылды. Жалпы 2019 жылы 9 нотариустың лицензиясының күші уақытша тоқтатылып, 2 нотариустың лицензиясы тоқтатылды.Ал, адвокаттардың іс-әрекеттеріне 8 шағым түсіп, оның 1-і негізді деп танылған. Кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін 1 адвокаттың лицензиясының күші тоқтатылды», — деді Мұхит Бекетұлы.
2019 жылы облыс бойынша 9 мемлекеттік сот орындаушы және 126 жеке сот орындаушы жұмыс атқарған. Мемлекеттік сот орындаушыларының нақты өндірілген сомадан 10 пайыздық атқарушылық санкция мемлекет пайдасына өндірілді. Түркістан облысы Әділет департаментінің аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалдарымен 2019 жылы 10 957 643 теңге мемлекет пайдасына өндірілген.