ТҮРКІСТАН: ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮДА — ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АСА МАҢЫЗДЫ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штаб мүшелері қалалық білім бөлімінің және жалпы білім беретін мектептердің кәсіподақ ұйымының өкілдерімен кездесу өткізді.

Әділеттілік пен әдептілік терең қазбаланған жиынның негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамды қалыптастыру және адалдық, парасаттылық құндылықтарын кең көлемде дәріптеу.

Келелі кездесуге облыстық үгіт-насихат тобының мүшелері А.Абпазов пен Е.Тұңғышбаев қатысып, жиынға қатысушы азаматтарды жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтан азат болуға шақырды.

Өз кезегінде Айдос Абпазов пайдакүнемдікке салынып, ар үстінен аттаудың ізгі қасиетке жатпайтынын жеткізіп, жемқорлықтың жарға жығар қауіпті кесел екендігін тілге тиек етті.

Сонда-ақ, Ерұлан Тұңғышбаев заңды белден басып, пара алуға және пара беруге әрекет еткен азаматтардың түбі жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Насихаттық жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа ұшырасқан жағдайда Агенттіктің 1424 жедел желісіне қоңырау шалу қажеттілігі мен әлеуметтік індетпен барша қоғам болып қарқынды күрес жүргізу керектігі атап өтілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.