ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУА ЛИМОН ӨСІРІП МИЛЛИОНЕР АТАНДЫ
Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы өткен жылы 10 соттық лимон бағынан 5 тоннаға жуық өнім алған. Жиналған өнімнің әр келісін шаруа 800 теңгеден саудалап, 5 миллион теңге пайдаға кенелген. Сөйтіп, биыл лимон бағының көлемін тағы да 10 соттыққа ұлғайтыпты. Қазір мұнда көшеттер топыраққа отырғызылып, күтіп-баптауға алынған.
«Лимонның көшеттерін 2016 жылы Өзбекстан елінен арнайы алдырттық. Жылыжай құрып, үшінші жылы 3 тонна, ал биыл 5 тонна өнім алдық. Әр түп шамамен 30-40 келіден өнім берді. Негізінен әр түп лимон 25-30 жыл өнім беруге қауқарлы»,- дейді жылыжай бағбаны Юлдаш Аблазов.
Жалпы, «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының иелігінде 17 гектар жер бар. Оның 6 гектарына шабдалы, 20 соттығына жүзім, 20 соттығына лимон, 80 мың түп шайлы роза көшеттері егіліпті. Қожалық төрағасы Мұрат Жұмабеков алдағы жылы лимон көлемін тағы да 30 соттыққа арттыруды жоспарлап отыр.
Айта кетерлігі, бұл қожалық тәжірибе ретінде 2 гектар жерге құрма еккен. Алайда сауысқан құсы дақылдың бұл түрінің өсіуіне айрықша кедергі келтіріпті.