ТҮРКІСТАН: ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ — БАСТЫ БАҚЫЛАУДА

Бүгін  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған  « Сапалы жол — Адалдық алаңы»   жобасы аясында Келес ауданында төселген  автомобиль жолдарға кешенді мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы бюджет қаржысы есебінен төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін  арттыру және жөндеу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу.

Қоғамдық бақылау жұмыстарына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Ғ.Жүндібаев мен Департамент өкілдері, Келес ауданы әкімінің орынбасары С.Қарақұлов, аудандық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы және мекеме қызметкерлері, облыстық  «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы»  филиалының инженері Д.Камалов, мердігер және техникалық қадағалаушы  мекеме басшылары, сондай-ақ  БАҚ өкілдері қатысып, ауданда орналасқан  ауылдарға төселген жолдардың сапасымен танысты.

Кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары барысында жол құрылысының талаптары толық тексеріліп, жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы Абай,  Біртілек және  Ұшқын ауылдарына қарасты жалпы саны бес көшенің асфальт бетон жамылғыларынан  кесінділер алынды.

Мониторингтік  тексеру жұмыстары кезінде бірқатар кемшіліктер, соның ішінде  Абай ауылында орналасқан  Т.Рұсқұлов көшесінің   асфальт бетон жамылғысынан шашылулар мен тегіссіздіктер, ойық шұңқырлар мен  жол бойында орнатылған жол бордюрлерін қайта  қалпына  келтіру қажеттігі анықталды.

Сондай-ақ, зерделеу жұмыстары барысында Біртілек ауылдық округіне қарасты  Шұқырсай елді мекенінің Тәліпбай ата көшесіндегі №121 тұрғын үйдің жанынан алынған  асфальтбетон кесіндісінің қалыңдығы 4,6смді құрайтыны  белгілі болып, сметалық құжаттамасына (6см) сәйкес келмейтіндігі мәлім болды.

Салынған жаңа жолдардың сапасы сын көтермейтінін байқаған мамандар мердігерлер жұмысында анықталған бірқатар кемшіліктер бойынша  акт түзіп,  мердігер мекеме басшыларына қайта қалпына келтіру бойынша    нақты ұсыныстарын білдірді.

Айта кетсек, алдағы уақытта да  Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандардың жолдары жиі бақылауға алынып, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына жылжымалы жол зертханалық көліктері арқылы тексеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отыратын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.