ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ҚОРҚЫТ ТУРАЛЫ АҢЫЗ» ПЛАСТИКАЛЫҚ СПЕКТАКЛІ ҚОЙЫЛАДЫ

Түркістан музыкалық драма театрында 21-22 мамыр күндері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосы бойынша қойылған «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық спектаклінің премьерасы өтеді. Қоюшы-режиссері — белгілі ресейлік балетмейстер, өнертанушы Константин Семенов. Композиторы — Хамит Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова.
Қорқыт ата – түркі халықтарының ортақ рухани абызы, ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыкалық мұрасы қалған тарихи тұлға. «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінде Қорқыт алып қарағаштан ойып қобыз жасайды. Әлемді қобыз үнімен әлдилеген бабамыз, көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, ақыры туған жеріне — дүниенің кіндігі саналатын Сыр-Дарияға оралады.
«Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінде рөлдерде ойнайтын кәсіби балет әртістері: Еламан Әбдіқалық, Еркінбек Әубәкіров, Ақылай Сыдығалиева, Алина Ормонбек, Рустам Шайхов, Гүлжанат Қаламғазина сынды өнерпаздар. Шынайы декорация, шебердің қолынан шыққан сахналық киімдер, реквизиттер арнайы дайындалуымен ерекшеленбек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.