ТҮРКІСТАНДА АМФИТЕАТР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Рухани астана тұрғын­дары­ның игілігіне амфитеатр ғима­раты қыз­мет көрсететін уақыт та алыс емес. Биылғы жыл­дың сәуір айында құрылыс жұмыстары басталған ғимарат қазан айында аяқталады деп жоспар­ланып оның құры­лы­сы қызу қар­қынмен жүргізілуде.
Ол 1000 орынға лайықталған зама­науи кешен­нің жалпы көлемі 2400 шаршы метрге тең. «Рухани-мәдени орталық» айма­ғындағы 0,56 гектар жерге жүр­гізіліп жатқан құрылыс ала­ңында күндіз – 22, түнгі ауысымда 10 жұмыс­шы еңбек етіп жатыр.
Құрылысқа жауапты «АА-Стройи­нжини­ринг» ЖШС мердігер компаниясының учас­ке бастығы А.Абдурахманов жұмыс өз қар­қы­нымен жүргізіліп жатқандығын айтып, алда­ғы уақытта нысан келісілген мерзімде, яғни биыл аяқталатындығын жеткізді.
Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне орай республикамыздағы өзге облыс әкімдіктері жаңа облыс орталы­ғына бір-бір ғимараттан салып, сыйға тартуды шешкен еді. Соның бірі –амфитеатр Маңғыстау облысы әкімдігінің сыйы екенін айта кетуді жөн көрдік.

«Қазақстан жолы» газеті №23 (749) 22.06.2019жыл

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.