ТҮРКІСТАНДА «ПАРАСАТТЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің қолдауымен «Парасаттылық орталығы» ашылды.
Орталық Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті және Түркістан қаласының әкімдігінің бастамасымен Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын және «Адалдық алаңы» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында ашылып отыр.
Жаңа объектінің ашылу салтанатына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев, белсенді қоғам мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Орталықтың басты мақсаты — халықтың өзекті мәселелерін шешу бойынша шұғыл әрекет ету және азаматтардың құқығын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың өзара бірлесе әрекеттесуін қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта «Адалдық алаңы» жобасы аясында облыста мемлекеттік қызметтерді алу барысында қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін, сонымен қатар әкімшілік кедергілер мен бюракратиялық созбалаңды болдырмауға бағытталған мемлекеттік органдардың «сервистік» үлгіге (сервистік әкімдіктер) көшу процесі қарқынды жүргізілуде.
Нысанның ашылуы бұл қоғамдық қатынастардың трансформациялануының келесі қадамы бола отырып, мемлекет пен азаматтардың өзара әрекеттесуінің жаңа форматын айқындайды.
Орталықтың функционалына азаматтардың мәселелерін жедел әрі бірлесе шешу, өтініштерді қабылдау, тегін құқықтық кеңес көрсету, меморгандардың бірінші басшыларының қатысуымен қоғамдық қабылдаулар, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдау, сонымен қатар азаматтардың өтініштері мен шағымдарын талдау негізінде жүйелі проблемаларды анықтау және нақты шешімдер қабылдау кіреді.
Жаңа үлгідегі нысанның жұмысына жергілікті билік өкілдерінің лауазымды тұлғалары, «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, адвокаттар және қоғам өкілдері тартылған.

Орталық заманауи дизайн үлгісінде «open space» форматындағы кеңсе ретінде жұмыс жасайтын болады. Сонымен қатар, кеңседе ыңғайлы күту аймағы, тегін wi-fi және мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға бейімделген кіреберіс ұйымдастырылған.
«Парасаттылық орталығының» сәтті қызмет етуі билік пен халықтың арасындағы арақашықтықты азайтып, азаматтардың билік институттарына деген сенімін арттыруын қамтамасыз етеді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.