ТҮРКІСТАНДА «ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВ» ҚЫЗҒАЛДАҒЫ ӨСІРІЛУДЕ

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университитінің Ботаникалық бағында отырғызылған 3000 түп Назарбаев қызғалдағы гүлдеді. «Президент Назарбаев» деп аталатын қызғалдақтың жаңа сұрыпы былтыр егілген. Түркі елдерінің саммитіне орай  Назарбаев қызғалдағын арнайы жылыжайда өсірумен және күтім жасаумен ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Апушев және биология ғылымдарының кандидаты Бахадур Юсуповтың жетекшілігімен жүзеге асуда. Алдағы уақытта қызғалдақ гүлінің санын едәуір арттыру көзделген.

«Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналатынын ғалымдар ғылыми еңбектеде дәлелдеген және Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында да ерекше атап өтті. Қазақстан жерінен алғаш рет дала қызғалдақтары XVIII ғасырда түрік падишахтары арқылы Түркияға, одан әрі Австрия мен Голландияға таратылды. Қазіргі кезде Голландия елі қызғалдақтың түрлі сорттарын шығаруда. Елбасы Н.Назарбаевтың мақаласы шыққаннан кейін, Голландияда 3 түрлі сортты қызғалдақтың түрі дайындалды. Атап айтқанда, «Президент Назарбаев», «Республика Казахстан», «Астана» сорттары», – дейді биология ғылымдарының кандидаты Бахадур Юсупов.

Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары Елбасы атымен аталатын әсем қызғалдақ гүлін университиттің ботаникалық бағынан тамашалай алады. Университет ғалымдарының қызғалдақ өсірудің заманауи технологияларын игеруінің арқасында биылғы жылы Ботаникалық бақта қызғалдақтың 7 сорты өсіріліп, гүлдеді. Университет ғалымдарының қызғалдақтың бұл түрін жаппай өсіруді қолға алмақ. Сондай-ақ қызғалдақ гүлінің жаңа сұрыптарын шығару бағытында да зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.