ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕПУТАТ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЕЛМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Калыйма Жантөреева «Депутатқа сұрақ қой» айдары бойынша тұрғындармен әлеуметтік желіде тікелей эфирде жүздесті. Депутат алдымен «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты  өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Түркістан облысында орындалу барысы туралы айтып берді.
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты  өмір!» сайлауалды бағдарламасы бойынша Жол картасы бекітілген. Бүгінде осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Әрбір ауданның, қаланың өз даму жоспары жүйеленіп, бағдарламаға енгізілді. Мәселен, қазірдің өзінде Бәйдібек ауданының бірнеше ауылына газ берілді. Сарыағаш ауданында мал бордақылайтын ірі кәсіпорын ашылып, жылыжай шаруашылығы бойынша жоспардағы жобалар іске асырылуда», – деген Калыйма Жантөреева Түркістан, Кентау қалаларында да жұмыстар қолға алынғанын атап өтті.
Тікелей эфир барысында депутатқа Түркістанды дамыту, Кентау қаласының инфрақұрылымын жетілдіру және өзге де сұрақтар қойылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.