ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ЕУРОПА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Джиу-джитсу комбаттан ересектер арасында Еуропа чемпионы Досбол Ережеп елге оралды. Испанияның Мальграт-де-Мар қаласында Көк туымызды күллі әлем алдында желбіреткен спортшы Келес ауданының тумасы. Жеке бапкері — Мұхтар Мамбетов.
Чемпион Олимпиадалық емес жоғары спорт шеберлігі мектебінің сайыпқыраны. Құрметке лайықты жерлесімізді спорт мектебі директорының орынбасары Мұхтар Шахан бастаған ұжым мүшелері Түркістан әуежайынан құрмет-қошеметпен күтіп алды.
Жалпы турнир 12-15 мамыр аралығында өтті. Үш күнге созылған тартысты бәсекеде түркістандық спортшы қос медальды қанжығасына байлады. Нақтырақ айтқанда, клос контакт тұжырымдамасы бойынша чемпион атанса, фулл-контакт бойынша 2-орынды иеленді.
Досбол 2021 жылы джиу-джитсу комбаттан Әлем чемпиоанатында 3-орын иеленген. Биыл ел чемпионы атанған. Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.