ТҮРКІСТАН:ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА АДАМ КӨП ШОҒЫРЛАНАТЫН ОРЫНДАРДА САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БАРЫНША КҮШЕЙТІЛДІ
Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 47-ге жетті. Соның ішінде Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің 1970 жылғы тұрғыны және Ш. Ділдабеков ауылдық округі, Достық ауылының 1971 жылғы, осы ауданның Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді ауылының 1994 жылғы тұрғындарында коронавирус инфекциясы расталып отыр. Аталған азаматтың үшеуі де COVID-19 вирусы анықталған науқаспен жақын байланыста болған.
Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 18 адам тіркелген (оның ішінде 1956 жылғы азаматы 4 сәуір күні қайтыс болған).
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жайттарға орай Жетісай ауданындағы адам көп шоғырлататын банк бөлімшелері мен «Қазпошта» мекемесіндегі ұзын-сонар кезектер сақтық шараларының талаптарына сай ретке келтірілген. Яғни кезекте тұрған азаматтардың арақашықтығы сақталып, клиенттердің аты-жөндері мен кезектік реті дауысұлғайтқышпен хабарлануда. Дәл осындай сақтық шаралары ауданның өзге кент, ауыл округтерінде де қолға алынуда.