Тұрмыстық зорлық-зомбылық
Тұрмыстық зорлық-зомбылық бүгінде қоғамның жиі талқыға түсетін тақырыптарының біріне айналуда. Осы мәселеге қатысты Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастыруда. Осы тұста Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасы қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қоғамдық орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.
Сондай-ақ, полицейлер тарапынан мұндй іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Отбасылық тұрмыстық жанжал туындаған жағдайда тәртіп сақшылары азаматтарға полицияның 102 сымтетігіне хабарласуды ұсынады.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасамауға, ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық-зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңес береді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі