Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген Қызылордалық келіншекке Шымкенттік полицийлер көмек көрсетті

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының полицейлері отбасылық зорлық-зомбылық көрген үш балының анасына көмек көрсетті.
Бүгін 13 сәуір күні полицейлерге Шымкент темір жол вокзалының ана мен бала бөлмесінде жас келіншектің отырғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Мән-жайды анықтау үшін Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Айгүл Калиева және №33 учаскелік полиция пунктінің инспекеторы полиция лейтенанты Бекжан Мырзан шақырту болған жерге барып, онда үш баласымен отырғанын жас келіншектің жағдайымен танысты.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері 1990 жылы туылған келіншек бүгін Қызылорда қаласынан Шымкент қаласына келегенін анықтады. Келіншектің айтуынша ол үш баласымен спирттік ішімдікке салынып, күш қолданатын күйеуінен қашып келген. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан шаршадым деген ана отбасындағы кейкілжің балаларға кері әсерін тигізуде дейді. Ата-анасы қайтыс болған азаматша бауырларына салмақ салғым келмейтінін айтады. Көмекке мұқтаж азаматша мен балалар қажетті медициналық сараптамаларды тапсырып, «Көмек» оңалту орталығына жайғастырылды. Аталған азаматша мен үш балаға мекеме психологтардың көмегі көрсетіліп, олардың жағдайы бір қалыпты.
Қазіргі таңда аталған әлеуметтік көмек көрсету мекемесінің заңгерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық көрдім деген келіншектен түсініктеме алып, күш қолданған жолдасына қатысты заңды шара көру мақсатында іс-құжаттар жинақталмақ.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.