Түзеу мекемесінде кездесу бөлмесі ашылды

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/3 (қауіпсіздігі орташа) түзеу мекемесінде 600-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр.  Елімізде аты шулы індеттің пайда болуына байланысты түзеу мекемелерінде қысқа және ұзақ мерзімдегі кездесулер тоқтатылған болатын.

17.03.2021жылы ҚАЖ комитетінің нұсқаулығына сәйкес ұзақ мерзімдегі кездесу бөлмесі ашылған болатын. Ең алдымен мекемедегі ұзақ мерзімге арналған кездесу бөлмерін күрделі жөндеуден өткізіп, санитарлық-гигиеналық талаптарғасәйкес жағдайлар жасаған. Коронавирустық инфекцияның алдын алу, болдырмау үшін бөлмелерді күніне екі рет ылғалды тазалау жұмыстары мен дизинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Оған қоса Шымкент қаласының Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінен келіп тексеру жүргізілді, қортындылай келгенде санитарлық талапрға сайкеледі деп рұқсат берген болатын.

Ұзақ мерзімдегі кездесудің тәртібі пцр анықтама арқылы тек 1(бір) ғана ересек адам кіре алады, және ерлі зайыптылардың неке куәліктері болмаған жағдайда 3-жасқа дейінгі ортақ балалары бар болған жағдайда рұқсат етіледі. Қазіргі таңда 30 ересек адам ұзақ мерзімге кірді оның ішінде ортақ балармен 2 адам кірді.

Ж.Қошқаров

ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің Медицина бөлімінің фельдшері.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.