«ТV-кабельдерін орнатамын»: Шымкентте тағы бір алаяқтық жайты анықталды

 «ТV-кабельдері, толқынды жүйе-арналармен қамтамасыз ететін компанияның өкілімін» деп тұрғындардың сеніміне кіріп, заңсыз несие рәсімдеген. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

2022 жылдың 20-қарашасында, Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында, белгісіз азамат өзін: «ТV кабельдерін қосатын кәсіпорын қызметкерімін» деп таныстырғанын және арнайы жүйеге жеке куәлігін тіркеу үшін сұрап алып, банк қосымшасы арқылы 117.000 теңгеге несие рәсімдеп, түскен қаржыны заңсыз иемденіп алғаны жөнінде жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктіні қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Уақытша жұмыссыз.

Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да алаяқтық жайтына қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.