Үйде ұстауға болмайтын заттар
* Тозығы жеткен ескі аяқкиімді үйде ұстамаңыз. Ол үйге ауру-сырқау, ұрыс-керіс әкеледі. Ал егер жыртылып қалса, бір күн де ұстамай, лақтырыңыз.
* Бір жыл киілмеген киімдеріңіз болса, не киіңіз, не мұқтаждарға беріп жіберіңіз. Киім ескі болса, аямаңыз, қоқысқа тастаңыз. Ескісі кетсе, орнына жаңасы келеді.
* Сынық ыдысқа құйылған астың құрылымы өзгереді, сондықтан ол денсаулыққа зиян. Әрі сынық ыдыс отбасына ұрыс-керіс шақырады.
* Қабырғаға жайылып өсетін шырмауық тектес өсімдіктерді үйдің ішінде өсіруге болмайды, олар үйдің тұрғындарына ауру-сырқау әкеледі. Ал үйдің сыртында өссе, жамандықтан қорғап тұрады.
* Сынық айнаның қуаты өте нашар. Оны тылсым дүниемен байланыстыруы тегін емес. Сондықтан, оны мүлде қолданбаңыз.
* Сынған техника, гаджеттерді бір сәт те үйде ұстамаңыз. Не жөндетіңіз, жөндеуге келмесе лақтырыңыз.
* Бос шөлмектер мен ескі газет-журналдар да қоқысқа кеткені дұрыс. Тіпті сарайға да жинамаңыз.
* Сіз сенбессіз, бірақ ескі сыпырғы, сынған еденжуғыш пен өте кір шүберек те өміріңізге кері әсер етіп, әсіресе қаржылық жағдайыңызды төмендетеді.
* Құрғақ қамысты әсемдік үшін үйде вазаға салып ұстайтындар бар. Өкінішке орай, бұл қауіпті. Құрғақ қамыс бақытсыздық пен ауру, тіпті өлім де әкеледі. Ол – көбіне жесірліктің белгісі.
* Қайтыс болған адамдардың заттарын, тіпті суретін де үйде қалдырудың қажеті жоқ. Олар туралы естеліктерді жүректе сақтаған дұрыс. Марқұмның заттарын таратып жіберген жақсы, басқа үйде олардың зияны болмайды. Ал өзі тұрған үйде қалса, өзгелердің қуатын сорып алады.