Үкiмет басшысы Арыста болды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Арыс қаласындағы апатты жағдайдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысу үшін жұмыс сапарымен арнайы келді.
ҚР Үкіметінің басшысы өңірлік штабтар жұмысын тексеріп, «Көктем-1», «Көктем-2» ықшам аудандарындағы тұрғын үйлердің, мектеп, балабақша, темір жол вокзалы ғимараттарының, қалалық аурухананың қалпына келтірілу қарқынын көрді. Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, Түркістан облысының штабында Арыс қаласының тұрғындарына 100 мың теңгеден өтемақы төлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Нысандарды көріп шыққан соң, ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен Арыс қаласын қалпына келтіру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету аясында 650 аз қамтылған және көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төлем жүргізілгенін айтып берді. Кеңесте министрліктің басшылары әл-еуметтік қолдау шаралары, медициналық қызметтер көрсету, тұрғын үйлерді қал-пына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Ал, бес облыстың әкімдері мен Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов бөлінген секторлардағы құрылыс жұмыстарының қарқыны туралы ақпараттандырды. Бүгінде 676 тұрғын үйге жөндеу жұ-мыстары аяқталған. Қазіргі кезде барлық секторларда жұмыс жүргізілуде. 3 040 жеке тұрғын үй құрылысы мен көпқабатты тұрғын үйлер нысандарында қалпына келтіру жұмыстарына 190 құрылыс компаниясы, 5 мыңға жуық құрылысшылар мен 207 арнайы техника тартылған. Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша жұмыстар 66 денсаулық сақтау, білім беру, спорт ны-сандарында жүргізілуде. «Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша барлық негізгі жұмыстар 1 тамызға дейін аяқталуы тиіс», — деді Асқар Мамин.
«Қазақстан жолы» – ақпарат.
«Қазақстан жолы» газеті №26(752) 13.07.2019 жыл