ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ САҚШЫЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтілетіні баршаңызға мәлім. Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтау рәсімі өтті.
Көшбасшы партияның Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева қаладағы мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінің бірқатар қызметкерлеріне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың Алғыс хатын табыстап, аса жауапкершілікті талап ететін қызметтеріне сәттілік тіледі.
— Құрметті медицина қызметкерлері! Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында тек биікте көріне беріңіздер, — деді Ж.Әлібекқызы өз сөзінде.
Коронавируспен күрескен қазақстандық дәрігерлер күн демей, түн демей кезекшілікте болып, отбасынан жырақта жүріп халық үшін қызмет етті. Науқастарды қабылдаудан бастап, ем-домын жүүргізіп, сауығып кетуіі үшін аянбай еңбек етіп жүрген ұлт сақшыларының орны бөлек.