ҰЛТТЫҚ ТАМЫРЫНАН АЖЫРАҒАН ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР
Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлерін естігенде иісі қазақтың рухы оянады, арқасы шымырлайды. Абай мен Мағжанды оқығанда, ерекше күйге бөленеді. Ұлттық қазақша киімді кигенде, әр қазақтың жүрегін елжандылық билейді. Оны орыс пен қытай естісе де қылп етпейді. Өйткені бұл біздің ұлтқа ғана тән. Әр ұлттың ықылым заманнан берілген ерекшелігі, өзіндік бояуы бар. Ал ол түс пен түр өз реңін сақтамайтын болса, өмірдің тек ақ немесе қара жолақтан тұратынындай, сүреңсіз күйге енер еді. “Қазақ” деген сөз тек төлқұжат-тағы сөз болып қалады.
Жантақтың өте қуатты өсімдік екені бесенеден белгілі, тамыры өте тереңде жатыр. Онымен қоректенетін түйе малының да жойқын күшке ие екені мәлім. Қазақ халқы бір кездері тура оса жантақ секілді еді, сонау ғұндар, сақтардан бергі тамырынан ажыра-маған кезде алапат күшке ие халық еді. Кейінгі ғасырларда сол тамырдан ажырап, саны өссе де, енді тамыры қысқа қарағай секілді ұлтқа айналдық. Қатты желге шыдай алмай гүрс етіп құлаған қарағайдай құлайды ма деп қорқамын. Жантаққа жел тұрмақ дауыл да еш әсерін тигізе алмайды ғой, өйткені оның тамыры тереееең жатыр!
Ұлттың болмысын, елдің тұтастығын сақтау – сізге де, бізге де сын. Шындық іздеген боп шығанға шықпай, «Жаным – арымның садағасы» дейтін қазақи қағиданың ауылынан алыс қонбасақ, Құдай тілеуімізді берер.
Бүгінгі таңда батысшылдықтың қоғамымызда қанатын кеңге жайғанының салдарынан түрлі азғындықтар есігімізден кірді, төрімізден орын алмақ. Өз тамырынан ажырап, ұрпақ батыстың құндылықтарын сіңіріп алды. Ары қарай Түркияға, Египетке, Сауд Арабиясына барып оқып келген жастар және де сол елдердің идеологиясына жан тәнімен берілген жастар өз тамырларын өз қолдарымен балталарын алып шауып тастап, басқа тамырға жалғанып алды…
Сіздер қалай ойлайсыздар? Біздің түп-тамырдан ажырап, қожырап бара жатқанымызды түйсігіңізбен сезінесіз бе?
Ұ.ӨСКЕН.