Ұшақ дәретханасында шарананың денесі табылды.
Естімеген елде көп!
Сәбидің денесі Үндістан астанасы Нью-Делиге қонған ұшақтан табылды. Дәрігерлердің айтуынша, сәби ұшақта туған. Malaysia Digest басылымының мәліметіне сүйенсек, анасы баланың аузына дәретхана қағазын толтырып тастаған.
Сәбидің анасы кәмілеттік жасқа толмаған болуы мүмкін. Жолаушы әйелдерден жауап алынып, күдікті қолға түсті.
Әлі де тексеру жүріп жатыр. Әуекомпаниясы полицейлермен бірлесе жұмыс істейтінін атап өтті.
Дереккөз: stan.kz