Ұшу шеберлігі шыңдалды

Шымкенттің авиабазасында жаңа оқу жылындағы алғашқы командирлік ұшулар өтті.

 

Әуе базасының командирі полковник Тимур Омаровтың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты жауынгерлік даярлық курсының ең күрделі жаттығуларын орындау кезінде ұшқыштар құрамын оқытудың бірыңғай әдістемесін әзірлеу болып табылады. Әдетте, бөлімшедегі командирлік ұшулар буын командирі және одан жоғары ұшқыштар құрамымен тоқсанына бір рет өткізіледі.

Өткен практикалық тәжірибелік бұлтты ауадағы сабақтарда «пердеше астында» және қосалқы аспаптар бойынша бақылап ұшу, шабуылдау авиациясының жетілдірілген СУ-25 ұшақтарында қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға бет алу, сондай-ақ Ми-35М және Ми-117Ш соққылау және көліктік тікұшақтарында ұшу пысықталды. Осылайша, ұшқыштардың жауынгерлік дайындық жүйесіндегі қателіктер мүмкіндігі толығымен шегеріледі.

Әр жолы командирлік ұшулардың тақырыбы өзгеше. Өткен командирлік ұшулардың ерекшелігі ұшақ экипаждарының ұшуды басқару тобымен өзара қарым-қатынас іс-қимылдарын шыңдау болды.

«Бүгінде кез келген ұшқыштың міндеті – өз тәжірибесін ұшқыштардың келесі буынына беру. Командирлік ұшулар – бұл бөлімше командирлерінің іс-әрекеттерін шыңдап, одан кейін өз қарамағындағы жеке құрамға біркелкі және әдістемелік тұрғыдан дұрыс оқытуға мүмкіндік беретін шеберлік сабақтарының бір түрі. Мұндай сабақтар ұшу шеберлігінің кірпіштері салынатын өзіндік іргетасын қалайды. Авиацияда оқыту қарапайымнан күрделіге өтеді. Әр-түрлі санаттағы командирлер ұшу экипаждарын бірыңғай, тексерілген жүйе бойынша дәріс өткізеді», – деді авиабаза командирінің орынбасары подполковник Бауыржан Сағындықов.

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі авиациялық базаның ұшқыштарын тағы да көптеген командирлік ұшулар күтіп тұр. Оқу-жауынгерлік іс-шаралар шеңберінде олар түнгі жағдайларда және метеорологиялық минимум кезінде қонуды, шағын және шекті төмен биіктіктерде ұшуды пысықтайды. Бұдан басқа, ұшқыштар топтық ұшу және іздестіру-құтқаруды қамтамасыз ету мәселелерін шешетін болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.