ҰСЫНЫСТАР БОЙЫНША ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы мен Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлының «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.

Кездесуге Шымкент қалалық мәслихат депутаты Наргиза Керимбаева, «Nur Otan» партясы Әл-Фараби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арай Есенбек қатысты.

Кездесуде көтерілген сұрақтармен ұсыныстар:
▪1.Республикалық маңызы бар қала ретінде Шымкент қаласының қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта құру және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды қосу арқылы бұл мәселені Парламент деңгейінде қарау.
▪2. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына тарифтің шығын бөлігіне тұтынушылардың жеке есептегіш құралдарын сатып алуды, орнатуды және қызмет көрсетуді енгізу бойынша толықтырулар енгізу.
▪3. ҚР Су Кодексінің 92-8-бабының талаптарын орындалуын қатаң бақылауға алу.
▪4. Тиісті өңірлердің орташа айлық жалақысы деңгейінде сумен жабдықтау кәсіпорындары үшін орташа айлық жалақыны белгілеу бөлігінде тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу.
▪️5. Су бұру жүйесі бойынша мүлік салығының мөлшерлемесін сумен жабдықтау жүйесі бойынша мөлшерлемеге ұқсас 1,5% — дан 0,1% — ға дейін төмендету.
▪️6. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексінің 313 бабы бойынша тиісті өзгерістер енгізу.

Кездесу соңында Парламент мәжіліс депутаттары айтылған ұсыныстар бойынша тиісті жұмысты қалыптастыруға ықпал жасайтын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.