Ұялы телефон ұрлаған азамат анықталды

2021 жылдың 6 сәуірінде Қаратау аудандық полиция басқармасының 102  арнасына жергілікті жердің 48 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз тұлға  сауда үйінің жанындағы көше жәрмеңкесінде жүргенде құны 75.000 теңге тұратын «Redmi 5» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен  Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, қала тұрғындарына, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері өз мүлкіңізге сақ болуды ескертеді. Ұялы телефонды ішкі қалтаға салып жүруге кеңес береді. Сондай-ақ, сөмкеге салсаңыз аузын мықтап бекіту қажет, осындай қарапайым ережелерді сақтай отырып, қалта ұрыларының жолын кесуге болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.