«Үздік психологиялық қабырға газеті» конкурсы өткізілді
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 мекемесінде сотталғандар арасында, ҚРІІМ ҚАЖ комитетінің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 20-шы тармағын орындау барысында, сотталғандар арасында «Үздік психологиялық қабырға газеті» конкурсы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты сотталғандарға психологиялық-педагогикалық білімді насихаттау, олардың бір-біріне деген қарым-қатынасын дұрыс бағытта қалыптастыру. Осы өткізілген «үздік психологиялық» қабырға газетіне қатысқан сотталған азаматтар үлкен жауапкершілікпен қарап өздерінің шығармашылықтарын көрсете білді. Конкурсқа қатысушы сотталған азаматымыз өзінің қабырға газетін шығару мақсатын, өзінің қылмыстық жазасымен байланыстырды. «Арақ арыңа, темекі түбіңе» нұқсан деп, осы ішімдіктің салдарынан қиын жағдайға тап болғанын, әрбір адам оны жеңе алады деп қоғамда салауатты өмір сүрейік, осы қателігімізден шешім шығарып салауатты өмір салтын сақтанайық деп өз ойларын айтып салған қабырға газеттерін қорғап шықты. Қабырға газетін 1-ші орынды иемденген 5-ші жасақтың сотталған азаматы иеленіп, 2-ші орынды 3-ші жасақтың сотталған азаматы, 3-ші орынды иеленген 1-ші жасақтың сотталған азаматы болды. Қалған жасақтың сотталған азаматтары да ат салысып өздерінің шығармашылықтарын да көрсете білді.