XXI ғасырдың соңына таяу Азияның кейбір аймақтарында өмір сүру мүмкін болмай қалады
2100 жылға таяу Оңтүстік Азияның кейбір аудандары халықтың өмір сүруі үшін жарамсыз болып қалуы мүмкін деп хабарлайды 24 kz порталы. Өйткені мұнда ауа температурасы адам төзгісіз көрсеткіштерге дейін көтерілуі ықтимал. Америкалық және қытайлық ғалымдар тобы осылай деп отыр. Бәріне жаһандық жылыну себеп. Бұл құбылыс әсіресе Үндістанның солтүстігі, Бангладеш пен Пәкістанда қатты байқалады. Мұндағы халықтың дені ауыл шаруашылығы саласының арқасында күн көреді. Алайда аптап ыстықтың кесірінен егін егу мүмкін болмағандықтан, аштық жайлауы ғажап емес. Сондықтан жергілікті тұрғындардың өзге аймаққа бас сауғалап кету қаупі бар. Негізі бүгінде әлем халқының бестен бір бөлігі осы Оңтүстік Азияда тұрады. 2015 жылы мұнда 3 мың адам аптап ыстықтан көз жұмған.