«ЫНТЫМАҚТАҒЫ» КӨП МӘСЕЛЕ ШЕШІЛУДЕ
Шымкент қаласындағы «Ынтымақ-2» шағынауданында бірнеше игі істер атқарылуда. Мәселен аталмыш шағынауданның солтүстік бөлігінде көгілдір отын жүйесі жүргізілмеген болатын. Қазіргі таңда газ құбыры тартылып, тұрғындар қуану үстінде. Сонымен бірге, шағынаудандағы Әл-Фараби көшесінің екі жеріне жаяу жүргіншілер өтетін өткел істелді. Арнайы белгілер орнатылып, адамдар өтетін тұс ақ-сары бояумен боялды.
Қала берді, бұған дейін «Ынтымақ-2» шағынауданында 19-бағыттағы қоғамдық көліктердің екі-үшеуі ғана жүретін. 1-тамыздан бастап 7 автобус жолаушы тасымалдауға шықты. Қалаға орталығына қатынап жұмыс істейтін тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Алдағы уақытта «Ынтымақ-2» шағынауданындағы «Іле» көшесіне асфальт төселеді деп күтілуде. Осылай биылғы жылдың өзінде шағынаудандағы бірнеше мәселенің шешілетін түрі бар.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ