ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРА ӨТТІ

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырумен құзырлы органдармен бірге заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында рейдтік шара өтті. Түркістан облысының ПД Жергілікті полициясы мен Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясы атсалысқан шара Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал аудандарында өтті.
Рейдтік шара нәтижесінде, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, қоғамдық көліктерге қатысты 12 хаттама түзілді.
Бекітілген жұмысшы топ тарапынан жергілікті әкімдікке жеңіл такси көліктеріне арнайы тұрақ ұйымдастырып, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік иелерінің хабарламаларын тіркеп, қысқа мерзім ішінде барлық жолаушылар көлігімен айналысатын көліктердің жұмысын заңдастыру тапсырмасы берілді.
Алдағы уақытта аудан, қала әкімдіктерінде заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатындағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.