Зәуреш АМАНЖОЛОВА, Мәжіліс депутаты: … зиянын тигізетіні сөзсіз

Қазіргі кезде ересектерді ескермегенде, жасөспірімдер арасында кальян мен электронды темекі пайдалану кең таралуда. Ғаламторда электронды темекінің түр-түрі бар. Мұны жастардың, әсіресе, мектеп қабырғасындағы балалардың, оның ішінде қыз балалардың пайдалануы үлкен алаңдатушылық туғызуда. Бұл жағдай жастардың денсаулығына, оның ішінде репродуктивтік функциясына зиянын тигізетіні сөзсіз.

Қоғамның ең осал топтарының бірі – балалар мен жасөспірімдер болып табылатындықтан, олардың темекі, алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды пайдаланып, денсаулығына қауіп-қатер төндіру  факторлары алаңдатады. Әсіресе, жастар саны ең аз өңір – Солтүстік Қазақстан облысында наркология диспансерінде тіркеуде тұратын жастар саны өте жоғары, одан кейінгі кезекте Алматы облысы мен Алматы қаласы тұр.

Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау – мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті, яғни елдің ересектер денсаулығының іргетасы бала жастан қаланады. Сондықтан мен жастардың денсаулығын нығайтуға бейжай қарауға болмайтындығын баса айтқым келеді.

turkystan.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.