Ж.АСАНОВ, ҚР Жоғарғы сот  төрағасы:  Судья ретiнде де, тұлға ретiнде де арымыз таза болуы тиiс

Судья шын мәнінде тәуелсіз болсын десек, біртіндеп заңдарымызды жетілдіріп, әрбір судьяның жеке жауапкершілігін арттырамыз.

Жартыжылдық кеңесте барлық сот сатыларынан өткен нақты істер мен өрескел заңсыздыққа жол берген судьяларды атағанымда әлеуметтік желілер шулап кетті.

Бұл сот актілері «қисық» шығарылған. Ешкім ештеңе түсінбесін деп, шешімнің тілін барынша күрделендіріп тастаған.

Бұдан шығаратын қорытынды екеу. Судья не сауатсыз, яғни заңдар мен сот төрелігінің принциптерін білмейді, не ол біреудің мүддесін қорғаштайды.

Тіпті, заңдарды өзгертсек те ондай судьялардың тәртібін тез өзгерту екіталай. «Қолмен басқару» режиміне көшіп, олардың санасын, ой-өрісін өзгертпесек болмайды.

ult.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.