Ж.ЕРМАН, ақын: Қазақ қызының бай үшiн шаштарын жұлып..
Бізде қазір бала тәрбиесінің кемшілігін отбасынан көретін біржақты пікір қалыптасты. Қазір отбасы балаға ие болудан қалған. Оның үстіне, біздің қоғамда жартыкеш отбасылар көп. Баланың тәрбиесін жалғызілікті ананың мойнына артып қойдық. Әке тәрбиесін көрмеген, еркектің ықпалымен өспеген бала төрт құбыласы тең, кеудесі намысқа толы азамат бола алмайды. Тұрқы түйедей болып тұрса да, мінезі мысықтай болып қалады. Сондықтан, бала тәрбиесін жалғызбасты әйелдердің мойнына артып қойған дұрыс емес. Ұрпақ тәрбиесіне мемлекет жауапты болуы керек.
Қазір телеарнаның тілі ғана емес, ділі де бұзылып кетті. Бәдік хабарлар шықты. Соны эфирден өткізіп жатқан басшылар, арнаның директорлары қайда қарап отыр? Ұлттың ұятын ашып, қазақтың тәлімін бұзатын болды солар-ақ! Қазақ қызының көшеден бай іздеп жүргенін қашан көріп едің? Қазақ қызының бай үшін шаштарын жұлып, бетін тіліп жатқанын қашан көріп едің?
jasqazaq.kz