Жамбыл облысында үйінде 67 келі ескірткі жасырған ер адам ұсталды

QAZYGURT.KZ: Жамбыл облысында үйінде 67 келі ескірткі жасырған ер адам ұсталды. Полицейлер Құмжота ауылының тұрғынын есірткімен ұстады. 48 жастағы азаматтың үйін тексеру кезінде 67 келіден астам марихуана мен 143 грамм гашиш табылды. Ұсталған адам бұрын істі болмаған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазір үстінен қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Айта кету керек, өңірде соңғы 5 күнде есірткіге қатысты 27 дерек тіркелген. Заңсыз айналымнан 82 келіден астам есірткі заттары тәркіленді.

 

АҚПАРАТ көзі: jasqazaq.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.