ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНҒА — ЖАҢА БАСТАМА
Кешегі өткен күн Қазақстанның саяси өміріндегі ерекше тарихи күндердің бірі болды, ел бойынша жалпы халықтық референдум өтті. Референдум Жаңа Қазақстанның екінші рәсімделуі деп айтуға болады. Себебі Ата заңға енгізілетін өзгерістер Қазақстан халқының әлемдік геосаяси жағдай әсерінен барынша сақ, еркін, әрі демократиялық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Еліміздің 8 миллионға жуық азамат қатысқан референдум сәтті өтті деп сенімді айта аламыз. Себебі “Аманат” партиясы президенттің қоғамдық тірегі ретінде үгіт-насихат жұмыстарына бірінші күннен бастап жұмыла кірісті. Республикалық штаб құрылып, оған партия төрағасы Ерлан Қошанов жетекшілік еткен болатын. Аймақтарда облыстық және аудандық деңгейдегі штабтар құрылып, жалпы республика бойынша 218 штаб жұмыс атқарды. Республикалық партиялық штаб мүшелері үгіт-насихат бойынша еркін форматта барлығы 12,7 мыңнан аса іс-шараларды өткізді. Ауылдардың, шалғай елді мекендердің, қалалардың тұрғындарымен, жастармен, мұғалімдермен және кәсіпорын қызметкерлерімен кездесулер өтіп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Ел мен халық болашағына жауап беретін маңызды істе дауыс берушілердің саны емес, сапасы басым рөл ойнайтыны ескерілді.
Референдум-Жаңа Қазақстанды қалыптастырудың бастамасы. Халық өз болашағы үшін дауыс берді. Елімізге үлкен серпіліс әкелер үлкен жоба бастамасына Қазақстан азаматы ретінде өз үлесімізді қостық.
Бақытжан Серікжанұлы Сейітжан
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі