Жаңа мамандарға үздік диплом табысталды
Астана қаласына — 20 жыл. М.Əуезов атындағы ОҚМУ-ге — 75 жыл. Қос мереке аясында Шымкентте университетті үздік бітірген 444 түлекке дипломды салтанатты тапсыру кеші өтті.
Мерекелік жиынға Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымов қатысты, деп хабарлады іс-шараға қатысқан тілшіміз Айгул Керимкулова.
— Сіздерге сəттілік тілеймін, жолдарыңыз ақ болсын! Қолдарыңызға диплом алып, еліміздің тұтқасын ұстар жас маман атандыңыздар. Енді үшінші мегаполисті қаланың дамуына атсалысып, өркендеуіне үлес қосуға шақырамын, — деді университеттің құрметті профессоры Ғ.Əбдірахымов.
Осыдан кейін шаһар басшысы түлектерге қызыл дипломды табыстады. Айта кетейік, ОҚМУ-ды 4273 студент бітіріп, оның 444-і үздік диплом иегері атанды.
Салтанатты кеш қазақ эстада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.