Жаңа Салық кодексінің нормаларында біршама өзгерістер бар
Бүгін Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінің нормаларына тоқталды. Оның айтуынша, құжат құрылымы толық жаңартылып, экономика үшін жаңа бөлімдер пайда болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Оның қатарында белгіленген шегерім тәртібі, шағын және ірі бизнес арасындағы өтпелі режім. Осы орайда өлшемшарттар 3 есеге артып отыр. Кәсіпкер жеңілдетілген декларациямен қызмет етіп, табысы 115 млн теңгеден асса, ол дереу бухгалтер жалдап, жоғарғы режімге ауысуы тиіс. Осындай өтпелі кәсіпорындар үшін күрделі есеп жүргізілетін тәртіп енгізгеніміз де сондықтан. Дегенмен олардың салықтық жүктемесі жоғары болмайды. Өйткені ондағы максималды табыс көлемінің көрсеткіші 347 млн теңгеге дейін жоғарылатылды» — дейді Руслан Дәленов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін автокөлік нөмерінің бағасы мен «крутой» нөмірлерді сатып алуға рұқсат берілгені туралы хабарлаған болатынбыз.
Фото интернеттен алынды.