ЖАҢА ЖЕҢІСТЕР ҮШІН ДАУЫС БЕРДІМ!

Мен бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты №148 сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім. Күні бойы «АMANАТ» партиясының өкілі ретінде сайлау учаскесінде бүгінгі референдумға бақылау жүргіздім.

Елімнің патриоты ретінде еліміздің және өзімнің болашағым үшін таңдауымды жасадым. Өзім барған дауыс беру пунктінде көптеген тұрғындардың жүзінен жарқын болашақтан үміт күтетінін аңғару қиын емес. Ересектермен қатар, өзімнің замандастарым жастар қауымы да белсенді түрде референдумға келгендеріне қуандым.

Жалпы, дауыс беру барысы жақсы және барлық талаптарға сай ұйымдастырылған. Ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ. Дауыс беруге келген азаматтарға барлық жағдай жасалған. Учаскелік комиссия мүшелері барлығын ашық түсіндіріп, халықтың өз таңдауын жасауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Еліміздегі осындай маңызды шараға үлес қосу мен үшін үлкен мәртебе.

Жасмин Ашимова, Жастар мәслихатының депутаты
#АМАНАТөкілі #АМАНАТөкілі #Референдум2022

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.