Жаңа Жолдау — жаңа табысты бастамалар

Елбасының басты саяси және тарихи мұрасы – мемлекетіміздің Тәуелсіздігін сақтау және нығайту баршамызға ортақ мақсат екені анық.
Қазақстанның әлемдік білім ке­ңіс­тігінде өзіне лайықты орын алып отырғаны белгілі. Біздің ел ересек­тердің са­уаттылығы бойынша адам дамуы ин­дексінің жаһандық тізімнің бірін­ші үштігінде екен. Сондықтан да Қа­зақстан адами даму деңгейі жо­ға­ры мемлекеттер тобына енді. Бі­рақ осыған қарамастан елімізде ат­қарылатын жұмыстар аз емес.
2019 ж 16 тамыз конференциясын-да білім саласының мәселелері, «Пе­дагог мәртебесі» және мұға­лімдер-дің еңбекақысы артатыны ай­тылған еді.
Мемлекет басшысы төрт жыл ішін­де мұғалімдердің еңбекақысын екі есеге арттырып, 2020 жылдан бас­тап қазақстандық мұғалімдердің жа­лақысын 25 процентке өсіруді және “Дипломмен – ауылға!” бағ­дарламасына бөлінетін қаржыны 20 миллиард теңгеге жеткізуді тап­сырды. Бұл дегеніміз, дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында дайындау керек. Мықты кадрларды ауылға тарту мәселелері де көтерілді.
Президент Қ.Ж. Тоқаев қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқанын атап өтті. Білікті педагог кадрлардың ауылдық жерлерде тап-шы екені даусыз.
Сондай-ақ тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсыра отырып: “Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек”, — деді Мемлекет басшысы.
Президент зейнетақы жүйесінде айтарлықтай проблемалар жинақ­талғанын да айтты.
“Енді жұмыс істейтін адам зей­нетақы жинақтарын зейнеткерлікке шыққаннан кейін ғана пайдалана алады, бірақ адамдардың бұл қа­ражатты зейнетке шыққанға дейін қолданғысы келетіндігі түсінікті.
Мен үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейне­тақы жинақтарының бір бөлігін мақ­сатты пайдалану мәселесін, мысалы, үй сатып алу немесе білім алу туралы мәселені пысықтауды тапсырамын», — деді Қ.Ж.Тоқаев.
Жолдауда Мемлекет басшысы ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын жеткізе отырып: “Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі”, — деді.
Міне, алда тұрған осындай тап­сырмалардың өзі болашақ ел да-муының жоғары сапалы деңгейде болу мүмкіндігі зор екендігін көрсетеді.

Г.Отарбаева,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасы меңгерушісі,
т.ғ.к., доцент.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.