ЖАҢАТАЛАПТА 10 КӨШЕГЕ ТАС ТӨСЕЛЕДІ

Жаңаталап тұрғын алабында 776 отбасы мекендейді. Қазір онда мектеп, бала бақша, емхана және мәдениет үйі бар. Елді мекеннің инфрақұрылыммен қамту мәселесі кезеңімен шешімін табуда.

Бүгінде тұрғын алап 74 % электр жарығымен қамтылған. Жаңақұрылыс бөлігіне сапалы электр тарту үшін қазір құрылыс жұмысы жүруде. Аяқталуы 2022 жылдың соңына дейін көзделген.

 

Ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 100 %. 2021 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Елді мекеннің 74 пайызы газбен қамтылған. Жаңақұрылыс аумағы үшін жобалық сметалық құжат әзірлеу 2023 жыға жоспарланып отыр.

Жаңаталапта 24 көшенің 11-і асфальт, 13-і тас жол. 2021 жылы 8,7 шақырым жолға шағал тас төселіп, 0,9 шақырым жол орташа жөндеуден өткен. Биыл 10 көшеге тас төселсе, 0,8 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіледі.

Қазір кестеге сәйкес №25 пен 146 бағытындағы қоғамдық көлік қатынайды. Жаңақұрылыстағы жолды кеңейту үшін жолаушылар көлігі мен автомабиль жолдары басқармасына ұсыныс берілуде.

Биыл Әбдірайымов пен Қырықбай ата көшесі мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жарықтандырылады. Өткен жылы 3 балалар ойын алаңшасы қолданысқа беріліп, биыл тағы 2 алаңшаның құрылысы жүргізіледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.