Жанұзақ ӘКІМ, Бүгінгі зиялылар Абайдың кезіндегі Тобықтының шонжарларына ұқсайды

Ұлттық Рух пен Намыс отарлануға дейінгі дәстүр, әдебиет, философиядан… табылады. Отарлану – ол рухтың тапталып, намыстың езгіленіп, ардың азған уақыты. Өкінішке орай тәуелсіздік жылдары осы азғындық жалғасуда.

«Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ…», «тірі қазақтың сөзден аманы жоқ, өлі қазақтың жаманы жоқ» деген сияқты ұлттық намысты жасытып, рухты пәс қылатын, мағынасыз сөздерді шығарудың қажеті жоқ екенін есектерден басқалардың түсінетін кезі келді.

Әлемдегі барлық қылмыстың үндемейтіндердер, яғни немқұрайлылардың қатысуымен болатыны ақиқат. Біздегі немқұрайлылар да ұлт пен елді  сататын қылмыскерлер. Себебі, жердің сатылуы, коррупция, бала-бақша мен шегарада шетелдіктерге төлқұжат сату не ҰБТ мемлекеттік құпияны сату т.б. барлық қылмыс сондайлардың қолымен не қатысуымен істелуде. Бұл, ар-намыссыз азған елдің тірлігі.

abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.