Жанұзақ ӘКІМ, Халықаралық адам институтының президенті: Парламенттің мемлекеттік тілде заң шығара алмауы…

Мемлекет құрушы ұлт қазақ өз тегін түзетуге құлқы болмай тұрғанда бұл мемлекеттің түзелуі екіталай.

Бұл тексіздіктің елге кері әсерін ресми биліктегілердің, дипломаттардың шетелге барғанда орысша сөйлеуі, Парламенттің мемлекеттік тілде заң шығара алмауы… осының бәрі қазақтың тексіздерге дес беруінен болған, мемлекет дамуына тікелей кедергі болып отырған тірлік.

Көне Римде әр жақтан келген, тектерін білмейтін құлдарды ажырату үшін нөмірлеп таңба соққан, қазақ сондай таңбаны айыру үшін малға салған.

Біздің қоғамдағылардың құл мен малдан айырмасы неде?!

Бұл жерде біз, текті өзгерту – ол отарсызданудың маңызды қадамы және ұлттық сананы қалыптастырудағы негізгі қадам екенін көреміз.

Әділет министрлігі де осы текке байланысты заңды қайта қарап, жаңа үлгідегі тектің жазылуын реттеуі керек. Мысалы, жапондар алдымен өз аттарын кіші әріппен, содан кейін тегін түгелдей үлкен әріппен, одан кейін әкесінің аттарын кіші әріппен жазады. Бізге де сондай қылып өзгертсе біраз мәселе шешіледі.

Abai.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.