Жар таңдауда қателескiңiз келмесе…
- Жар болуға лайық адам сіздің бойыңыздағы ең ізгі қасиеттерді жарыққа шығара алады. Ал санасыз еркек сізді көкбет, ұрысқақ әйелге айналдырады.
- Жар болуға лайық адам қарым-қатынасты бағалайды. Ал санасыз еркек жай көңіл көтергенді жақсы көреді.
- Жар болуға лайық адам сіздің жетістігіңізге өзінікіндей қуана алады. Ал санасыз еркек сізді түйрегіштеп, басып-жаншып, төмендетуге тырысады.
- Жар болуға лайық адамның көзі сізден басқа ешкімді көрмейді. Ал санасыз еркек үнемі айналадағы қыздарға қарағыштаумен болады.
- Жар болуға лайық адамның жанында сіз өзіңізді қауіпсіз сезінесіз. Ал санасыз еркек сізді оның телефонын тексеруге мәжбүрлейді.
- Жар болуға лайық адам сіздің бақытыңызды бірінші орынға қояды. Ал санасыз еркекке өз бақыты маңыздырақ.
- Жар болуға лайық адам сізбен сөйлескеннен ләззат алады. Ал санасыз еркек сіздің үн шығармай, өз тірлігіңізбен айналысқаныңызды қалайды.
- Жар болуға лайық адам алдағы күндерін сізбен бірге алдын-ала жоспарлайды. Ал санасыз еркек қалаған кезінде келіп-кете салады.
- Жар болуға лайық адам сіздің өзіне ұнайтыныңызды ашық білдіреді. Ал санасыз еркек сізді күмәндануға мәжбүрлейді.
- Жар болуға лайық адам үнемі қоңырау шалып, жағдайыңызды сұрап тұрады. Ал санасыз еркек бірнеше күн немесе апталап жоғалып кетеді.
- Жар болуға лайық адам сіз және сіздің өміріңіз жайлы сұрап білуге құмар. Ал санасыз еркекке бәрібір.
- Жар болуға лайық адам өзі не айтса, соны орындайды. Ал санасыз еркек тек сөйлегенде ғана жақсы.
- Жар болуға лайық адам сізді өз өмірінде бірінші орынға қояды. Ал санасыз еркек сізді «қажет болғаныңызша» шетке ысырып қояды.
- Жар болуға лайық адам сізге ұнайтын нәрселерді жасауға тырысады. Ал санасыз еркек бұған бас қатырмайды да.
- Жар болуға лайық адам сізді өзінің достарымен және отбасымен таныстыруға асық. Ал санасыз еркек сізді бәрінен жасырып бағады.
Дайындаған
К.ДИДАР.