ЖАС БЕЛСЕНДІЛЕР БІР ТОЛҚЫНДА
Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Bir Tolqynda» ашық диалог алаңы аясында Кандидаттың сайлауалды бағдарламасын талқылау бойынша отырысы өтті.
Кездесуді талқылауға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары М. Қалмұратов, «Қасиет Транс сервис» ЖШС директоры, Шымкент қаласы мәслихат депутаты Н.Балабиев, «Отырар TV» медиа холдингінің директоры, Шымкент қаласы мәслихат депутаты А.Джумакулова, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, Бас Банк, Байланыс орталығы Департаменті Аймақтық дирекциясының басшысы А.Тасмұрзаев Абуали қатысты.
Санаулы күндерден соң өтетін Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан. Әрбір азаматымыз – біртұтас Қазақстан халқының ажырамас бөлшегі. Отанымыздың болашағы жастардың қолында. Қазіргі таңда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастардың өсіп-өркендеуі үшін бәріне бірдей әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктер ұсынып отыр. Кешегі күні «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділерімен кездескенде айтқан сөзінде жастар саясатын түбегейлі қайта қарап, «Жастар үшін» деген қағидаттың орнын «Жастармен бірге» деген қағидаттың басатындығын жеткізді.