ЖАС МАМАНДАРДЫҢ НЕКЕ ҚИЮ РӘСІМІ ӨТТІ

Түркістан қаласында облыс орталығына көшіп келіп, алғаш отбасын құрған жас мамандар Ақтөре Болатұлы мен Арайлым Еркінқызының неке қию рәсімі өтті. Айтулы шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев шаңырақ көтерген жас отбасын құттықтап, сыйлық табыстады.
«Елбасы Н.Назарбаев Жарлығын жариялаған соң Түркістан облысының әкімдігі Түркістан қаласына көшірілді. Осында қызмет жасап жатқан түрлі басқармалар мен департаменттерде қызмет етіп отырған мемлекеттік қызметкерлердің арасынан бір-бірін тауып, жас мамандар тұңғыш рет шаңырақ көтеріп отыр. Бұл да облыс үшін қуантарлық жайт. Отбасы — қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі.  Елбасымыздың «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі бар. Мемлекет басшымыздың өзі  отбасындағы тәрбиеге аса мән беріп отыр. Ендеше, жас жұбайларды заңды некелерімен құттықтаймын! Көтерген шаңырақтары берік болсын» , – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Сонымен қатар, облыс әкімі жас отбасыға әкімшілік-іскерлік орталығында жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйден кезексіз баспана алу сертификатын табыс етті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.