ЖАСТАР ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ДАЙЫН

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы Репсубликалық штаб мүшесі Ғани Ташқараев Қаратау ауданы жастарымен кездесті.

Мәжіліс депутаты жастармен еркін форматтағы кездесуде түрлі тақырыптар қозғалды. Ең әуелі халық қалаулысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған үйірмелерді аралап, жұмыс барысымен танысты. Жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған түрлі үйірмелерде сан салада білім, тәжірибе жинақтауға әбден мүмкін.

Мәжілісмен Ғани Ташқараев түсіндірме жұмыстары барысында жастарға маусым айында өтетін республикалық референдумның мәні мен маңызы жайлы ойымен бөлісті. Сондай-ақ, аталмыш өзгерістер біз бен сіз үшін ғана емес келешек ұрпақ үшін де өте маңызды шешім болатынын тілге тиек етті.

Жиын соңында жастардың әр ұсынысы мен сауалына аса ыждахаттылық танытқан мәжіліс депутаты басқосуда айтылған мәселелер назарды болатынын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.