Жасты өлтіруден өткен сұмдық бола ма?

Қарағандыдағы қатыгездікпен жасаған жас жігіттің өлімі естіген жанның бойын тітіркендіргендей болды. Адам робат емес. Қан қызуы бойында тасыған жас жігіттердің төбелесіп қалуыда қорқынышты емес. Қорқыныштысы сол – жастардың бойына адам өлтіруге дейнгі қатыгездіктің сіңісті болып бара жатқаны. Ата-ананың баса тәрбиесінің тізгінінен айырылып қалғаны өтірік пе? Сондықтан шығар, Қарағандыдағы жас жігіттердің төбелесінің адам өліміне дейін жеткені. Бұрында төбелес болған. Бірақ, ол кезде адам өлтіруге дейін баратын қанішер жастар өсірген жоқ едік. Кім кінәлі? Әрине, өзіміз. Оның үстіне құқық қорғау органдарының жұмысында немқұрайлықтың етек алғанына, жұртшылық босқа наразы болып жүрген жоқ шығар. Төбелестің куәгерлері де, бейнебақылау түсірілімі де бола тұра, полиция басты күдіктінің бірін ұстай алмай қалыпты-мыс. Бес жасар бала сене ме, осыған?

                                                                                                                                                 Ә.МҰРАТБЕКОВ.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.