Жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жеке құжаттары жаңартылды
Мекемеге этаппен келген сотталғандарды Арнай бөлім қызметкерлерімен бірлесіп сотталғандардың жеке істеріне жүргізілген салыстырмалы тексеру жұмыстары нәтижесінде жаңадан келген сотталғандар әр-түрлі себептермен жеке куәліктері жоқ екенін анықтаған жағдайда, жазбаша түрде сотталған азаматтан өтініш алады.
Мекеме бастығының бұйрығымен сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің аға инспекторы Шымкент қаласындағы Абай аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығының» жеке куәлікпен айналысатын қызметкерін шақыртып тиісті шаралар қолданады.
Мекемеде көбінесе жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жеке куәліктерінің мерзімінің аяқталуына және жоғалуына байланысты болады.
Жыл басынан бері мекемеде 29 сотталған азаматтың жеке куәліктері жаңартылып қалпына келтіріп сотталғанның қолына беріліді.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ИЧ-167/3 мекемесінде жазасын өтеп жүрген шетел, ТМД, азаматтығы жоқ тұлғаларды құжаттандыру мақсатында, 6 (алты) шетел азаматтарының шетелдік паспорттары жоғалтып алғандығы, ыхтиярхатының мерзімінің бітуіне және азаматтығы белгісіз болуына байланысты, Шымкент қаласы полиция департаменті көші-қон қызмет басқармасына өтініш (арыздары) және 34 (отыз төрт) сотталған ТМД және шетел азаматтарын уақытша тіркеуге алу мақсатында сұраныс хаты жолданып жауаптары күтілуде.
Б.Малибек,
ИЧ-167/3 мекемесінің МБКК әділет майоры.