Жеке қорғану жаттығулары өткізілді
ИЧ-167/3 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне, жаппай тәртіпсіздіктердің жолын кесу жөніндегі арнайы операцияларды өткізу кезінде жеке құрамды басқару тактикасы және әрекет ету техникасы. Жеке қорғану және белсенді қорғаныс құралдары мен жасалатын саптық тәсілдерінен жаттығулар өткізілді.
Саптық даярлық, кәсіби даярлықтың құрамдас бөлігі болып табылады, сондай-ақ арнайы операциялардың табысты өтуіне әсерін тигізеді, себебі жеке құрамның арнайы операцияға дейінгі және оны өткізу сәтіндегі нақты және шыныққан іс-әрекеттері бұзақылық жасаушы элементтерге үрейліндіретін әсер етеді. Сондықтан саптық дағдыға және әрекеттің шынығуына назар аудару қажет.