Осыған орай, алдағы 5 жыл уақыт мерзімін қамтитын Тұжырымдаманы мақсатты топтар арасында түсіндіру жұмыстары Түркістан облысында жүйелі жүзеге асырылуда.
Осы мақсатта, бүгін Қазығұрт ауданында болған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен арнайы кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы соңғы өзгерістер мен толықтырулармен хабардар етті.
«Бүгінде мемлекет саясатында сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, туындау себебімен күресуге басымдық берілуде. Бұл ретте, жемқорлық тәуекелінің алдын алу жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу айқындалған. Жұмыспен қамту орталығы — халыққа мемлекеттік қызмет түрін көрсетіп, тікелей байланыс жүргізетін болғандықтан, қызмет бабында бармақ басты әрекеттерге жол бермеу аса маңызды. Жүктелген қызметті адал атқаруға шақырамын»,- деп сөзін қорытындылады Ержан Әлиұлы.