ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Мемлекет басшысы бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы саясат Тұжырымдамасының маңыздылығы мен негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Кентау қалалық жұмыспен қамту бөлімі мен орталық қызметкерлерімен кездесті.
Жиында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарымен таныстырды.
Сондай-ақ, негізгі құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру, оның жою мүмкіндіктері, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру, азаматтық қоғамның рөлін күшейту сияқты міндеттер қарастырылғаны жиынға қатысушыларға түсіндірілді.