Жер бетіндегі ең кәрі кейуана қайтыс болды (фото)
Жер бетіндегі ең кәрі адам болып есептелген 117 жастағы Вайолет Мосс Браун (Violet Mosse Brown) қайтыс болды. Бұл туралы бүгін Ямайканың премьер-министрі Эндрю Холнесс өзінің Twitter парақшасында жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ямайка тұрғыны италияндық Эмма Моранның өлімінен кейін әлемдегі ең кәрі адам болып 2017 жылдың сәуір айында танылған. Эмма Моран 1900 жылға дейін дүниеге келген соңғы адам еді.
Браун Ямайкада 1900 жылы 10 наурызда дүниеге келген. 2010 жылы әйел жергілікті газетке сұхбат берді. Онда Браун шошқа, құс етін жемейтінін және ром ішпейтінін айтқан.
Браун Ямайкада 1900 жылы 10 наурызда дүниеге келген. 2010 жылы әйел жергілікті газетке сұхбат берді. Онда Браун шошқа, құс етін жемейтінін және ром ішпейтінін айтқан.
Дереккөз: NUR.KZ.