Жер қойнауын заңсыз қазған шымкенттік тұрғын анықталды

   Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлері Абай аудандық прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып заңсыз жер қойнауын қазу жайттарын анықтау және алдын алу мақсатында рейдтік шара өткізді.

Осы ретте Жаңаталап елді мекенінен ағып өтетін «Бадам» өзені жағасында ауыр жүк көлігін пайдалана отырып, жер қойнауын заңсыз қазып жатқан азамат анықталды. Сала мамандары заңсыз өзен арнасынан тас қазу жұмыстарын жүргізуге болмайтыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Жер қойнауын заңсыз қазу жұмыстарын жүргізу жайттарын алдын алу мақсатында рейдтік шаралар атқарып отырамыз. Әр азамат бұл табиғатқа келтірген зиян екенін түсінуі керек. Бізге бұндай деректерді көрген жанашыр жергілікті тұрғындар да хабарлап жатады. Қоршаған ортаға келтірген шығын көлеміне қарай шара көріледі»,-дейді Табиғатты қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Ұлықбек Сабаев.

Жалпы, жыл басынан бері жүргізілген жұмыстар барысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған 5 жайт оның ішінде бір экскаватор анықталып және 3 жүк тасу көліктері айыптұраққа жөнелтілді.

Осыған орай, шымкенттік полицейлер азаматтарға табиғатқа қиянат жасамауға шақырады. Табиғатқа зиян келтіріп жатқан ауыр жүк көліктерінің әрекетін байқаған жағдайда тез арада «102» арнасы арқылы полицияға хабар берулеріңізді сұрайды.

Сондай-ақ, аң, заңсыз жер қойнауын қазу, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.